Войти через

  • 22:15:15
  • 23°C

Суббота, 15 августа

Алматы облысында мемқызметшілер мұқтаж жандарға азық-түлік пен дәрілер табыстады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті қызметшілері кезекті #Игіістеруақыты акциясын өткізіп, көмекке мұқтаж талдықорғандықтарға бірінші қажеттілігі бар азық-түлік тауарлары мен дәрі-дәрмектерді табыстады, передает Tinfo.kz.  

"Департамент қызметшілері қазіргі кезде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қолдауға ниет білдіріп, бастама жасады. Мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсету азаматтардың әлеуметтік және жеке жауапкершілігінің көрсеткіші болып табылады. Қазіргі уақытта мұндай акциялар өте қажет. Адамдар өздерінің қиындықтарымен жалғыз қалмауы керек", - деп атап өтті Департамент басшысы Бейсеқұлова Ляззат Мұқатайқызы.


Естеріңізге сала кетейік, бұл #Игіістеруақыты акциясы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованың бастамасы аясында өткізіліп отыр. Төраға Еріктілер жылы аясында мемлекеттік қызметшілерді игі істерге белсенді атсалысуға шақырды.

Департамент қызметшілері алдағы уақытта да Алматы облысының зейнеткерлеріне, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына белсенді көмек көрсетуді жалғастыруды жоспарлап отыр.

Это может Вас заинтересовать