Войти через

  • 06:49:05
  • -4°C

Четверг, 12 декабря$ 386.3  € 428.14  ₽ 6.08

Алматы облысында ең көп қылмыс жасалатын аудандар аталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Облыс бойынша қылмыс көп тіркелетін өңірлер ішінде Талғар ауданы (178 қылмыс - 10 мың адамға) мен Іле ауданы (146 қылмыс - 10 мың адамға) көш бастап тұр, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Бұл туралы Jetisu Media алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Жалпы Алматы облысында 10 мың адамға шаққандағы орташа қылмыс деңгейі 116 қылмыстық істі құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда құқық бұзушылық Сарқан ауданында 1,2%, Текелі қаласында  2,5% - ға өскен.  

Ал аймақ бойынша құқық бұзушылық фактісі 15,8% төмендеген. 

«Қасақана кісі өлтіру - 30,1% (79 былтырғы жылы 113 қарсы), бұзақылық - 12,2% (490 - 558 қарсы), алаяқтық - 10% (1455 - 1617 қарсы), тонау - 15,5% (355 - 420 қарсы), қорқытып мүлкін алу - 26,5% (24 - 34 қарсы) төмендеген», - дейді қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры Нұрділда  Әсімхан.

Сондай-ақ, Алматы облысында адамдардың қайтыс болуына немесе жаралануына әкеліп соққан 1 966 (1 826) жол-көлік оқиғасы тіркелген, ол былтырғы жылдың көрсеткішінен 140 фактіге көбейіп отыр. Жарақат алудың өсуі 7,6% құраса, қайтыс болудың өсуі 24,1% көрсеткішін көрсетуде.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать