Войти через

  • 06:04:37
  • -5°C

Среда, 22 января$ 376.42  € 417.41  ₽ 6.09

Алматы облысында қаруды сақтау мен қолдану тәртібін бұзудың 400 жуық дерегі анықталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Учаске» республикалық жедел алдын алу іс шарасы барысында Алматы облысының полицейлері қаруды тіркеу және оны сақтау ережесін бұзған 385 тұлғаны анықтады. Оның 211 дерегі қаруды сақтау тәртібін сақтамаса, 174 тұлға қолданыстағы заңнамаға сәйкес қайта тіркеу талабын орындамаған, деп хабарлайды TINFO.KZ өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, іс-шара барысында қару-жарақтың заңсыз айналымынан 15 қару тәркіленген.

Жыл басынан бері өңір бойынша 574 әртүрлі қару тәркіленген. Ішкі істер органдарында тіркелмеген 136 қару табылып, тәркіленген. Биыл азаматтық және қызметтік қару-жарақ айналымының тәртібін бұзған 1700 жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Қаруларды сақтау және сату мен сатып алуға қатысты заң талаптарының орындалуын бақылау мақсатында биыл «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы 4 мәрте өткізілді. Осы шаралар барысында 700 астам әртүрлі құқық бұзушылықтар анықталды. Қауіпсіздікті қамтаасыз ету мақсатында аталған кемшіліктер түзетіліп, айыпты тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылды. Қару-жарақты заңсыз сақтаған екі тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды», - дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, азаматтардан қару түрлері мен жарылғыш заттарды сатып алу бағдарламасы бойынша биыл полицияға 96 адам өтініш білдіріп, 147 дана қаруды тапсырған. Аталған азаматтар тапсырған қарулары үшін 8 миллион теңгеден астам сыйақы алған.

Фото: Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать