Войти через

  • 11:08:38
  • 32°C

Понедельник, 01 июня$ 411.54  € 458.13  ₽ 5.84

Алматы облысында 200-ден астам лауазымды тұлға аудиторлық құқық бұзған

TINFO
TINFO
Служба новостей

Өңірде 219 лауазымды тұлғаға аудиторлық құқық бұзғаны үшін 12 млн 996,6 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Бұл туралы Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қанат Орманов Талдықорғанда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.


2020 жылдың 1 тоқсанында Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 27 жоспардан тыс және 6 жоспарға сәйкес, барлығы 33 аудиторлық іс-шара өткізген. Аудиторлық іс-шаралар барысында 20 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Жоспардан тыс аудиторлық іс-шараларды өткізуге комитеттің тапсырмалары мен құқық қорғау органдарының хаттары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негіз болды. Жүргізілген аудиторлық тексерулердің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 14 032 927,7 мың теңгені құрап отыр. Ал, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын бұзу бойынша  4 390 687,9 мың теңге залал келтірілген», - дейді Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қанат Орманов.

Фото: intalent.pro