Войти через

  • 22:40:53
  • 23°C

Суббота, 15 августа

Алматы облысына Ресейден 30 дәрігер келді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысына коронавируспен күресуде көмек қолын созуға Ресейден 30 маман келді, деп хабарлайды Tinfo.kz «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Арнаның ақпаратынша, дәрігерлер аймақтағы ауруханалардың жайын өз көзімен көріп, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Олардың тек бесеуі ұзақ мерзімге, жағдай тұрақталғанша осында  қалмақ.


Облыста дерт дендегендердің саны үш мыңнан асып кетті. Ахуалды ауыздықтауға әкімдік қазына қаржысынан қосымша 3 млрд теңге бөлді.

Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Бұл қаржыға ең бірінші кезекте қажетті ИВЛ аппараттары, сонымен қоса кислородтық концентраттар және індетпен күресуге қажетті дәрі-дәрмектер алынады. Бұдан бөлек қосымша рентген аппараттары, сонымен қатар шалғайдағы аймақтарға арналған жылжымалы рентген аппараттары алынады

Это может Вас заинтересовать