Войти через

  • 13:07:10
  • 29°C

Среда, 08 июля$ 409.19  € 461.24  ₽ 5.67

«Абай» телеарнасы ашылады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қазақстанда «Абай» телеарнасы ашылады. Бұл туралы ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Facebook жеке парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Дәурен Абаев өз жазбасын режиссер Талғат Теменовке арнады. Осыған дейін Теменов отандық телевизиядағы өзекті мәселелер бойынша әлеуметтік желіде жазба қалдырған болатын.  


«... Осы ретте, мәдениет бағытындағы «Абай» телеарнасын ашуды биылға жоспарлап отырғанымызды айтқым келеді. Жазбаңызда айтылған «Сүлеймен Сұлтан» сериалы да тосыннан түсірілген туынды емес. Көп жылдар бойы бәсекенің қазанында қайнап, кәсібиліктің көрігінде қызған дүние. Сол үшін де танымал. Бұйырса, біз де ол деңгейге жетеміз, тіпті асып түсеміз деп сендіргім келеді», - деп жазды Дәурен Абаев.

Фото: ашық дереккөздер

Это может Вас заинтересовать