Войти через

  • 12:35:56
  • 27°C

Среда, 08 июля$ 409.19  € 461.24  ₽ 5.67

1 сыныпқа қабылдауға қандай құжаттар керек

TINFO
TINFO
Служба новостей

1 маусым мен 1 тамыз аралығында 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау іске асырылады, деп хабарлайды Tinfo.kz. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінде мәлімдеді.

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:


  • Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
  • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

17 тамыздан бастап Жазғы мектеп жұмыс істей бастайды. Оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады.

Фото: ашық дереккөздер

Это может Вас заинтересовать