Войти через

  • 13:44:46
  • 31°C

Суббота, 21 сентября$ 386.7  € 427.15  ₽ 6.06

Талдықорған әкімі көшедегі қоқыс пен заңсыз жарнамаға шүйлікті

Талдықорған әкімі көшедегі қоқыс пен заңсыз жарнамаға шүйлікті

19.05.19

Власти
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
Демалыс күні Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов әкімдік пен полиция қызметкерлерімен бірге облыс орталығының көшелерін аралады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап. 
Қала басшысы «Шығыс» шағын ауданындағы «Көктем» саябағындағы қоршауларға қатысты олқылықтарды ретке келтіруді тапсырды.

Сондай-ақ, қаланы көріктендіру мен қоқыс жағдайына назар аударылып, олар "шаһар көркіне айтарлықтай нұқсан келтіретінін" атап өтті. 
"Осыдан кейін Ғалымжан Райылұлы айналасы абаттандырылып жатқан Қабанбай батыр ескерткішіне аялдады. Қазір онда ескерткіштің ажырап кеткен тақтайшалары желімделіп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Талдықорғандағы ең әдемі ескерткіштердің бірі саналатын нысанға әкім ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Сонымен қатар, сол маңайдағы тозығы жеткен шамдарды ауыстыру мәселесіне тоқталды", - деп хабарлайды қала әкімдігі.
Ғалымжан Әбдірайымов «Мактуб» сауда үйінің жанында ілінген жарнама плакаттарының қала көркінің талаптарына сай келмейтіні айтты.  
«Біздің қала – Талдықорған емес, құдды бір жарнама мекені сияқты. Қызылды, жасылды бей-берекет ілінген жарнамалардан көз сүрінеді. Мұның барлығы шаһар келбетіне айтарлықтай сын. Бізге талапқа сай емес, заңсыз ілінген барлық жарнамаларды құрту керек», — деген Ғалымжан Әбдірайымов кәсіпкерлік бөліміне тапсырма берді.
Ғалымжан Әбдірайымов қаланы аралау барысында аталған олқылықтарды бір аптаның көлемінде ретке келтіруді міндеттеді. 
Фото Талдықорған қаласы әкімдігінікі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать