Войти через

  • 13:44:01
  • 31°C

Суббота, 21 сентября$ 386.7  € 427.15  ₽ 6.06

Амандық Баталов Арыс қаласына келді

Амандық Баталов Арыс қаласына келді

12.07.19

Власти
TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Арыс қаласын қалпына келтіру жұмысымен танысты, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Бұл туралы облыс басшысының баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

Арыстағы жарылыс салдарын жою үшін Алматы облысына 15 сектор берілді.

«Мұнда бірнеше әлеуметтік нысан және 854 үй бар. Осы күнге дейін 760 үй бойынша тексеру жұмыстары аяқталып, нәтижесінде 758 үйдің зақымдалғандығы анықталды. Бүгінгі күні 159 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 9 үй толығымен қалпына келтірілді. Осы жұмыс барысымен танысқан Амандық Баталов істің баяу екендігін алға тартып, жұмысшылар санын арттыруды тапсырды», - деп жазды ғалымұрат Жүкел.

Фото: www.facebook.com/zhukel.galymurat

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать