Войти через

  • 03:51:24
  • -5°C

Воскресенье, 08 декабря$ 384.97  € 427.12  ₽ 6.04

Талдықорғандықтар «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмінің премьерасын тамашалады

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

ТАЛДЫҚОРҒАН. Бүгін І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Елбасы жолы. Астана» фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Фильмді көруге облыс әкімі Амандық Баталов, мемлекеттік қызметкерлер мен қаланың тұрғындары келіп тамашалады.

Фильмде 1994 жылы ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қабылданған тарихи маңызды шешім, алғашқы қиындықтар мен жаңа елорданың бүгінгі жетістіктері баяндалады.

Фильм басынан соңына дейін көрермендердің назарын өзіне баурап алып, бір демде қаралып шықты. Жиналғандар жазық далада екі онжылдықтың ішінде әлем жұртшылығын таңдай қақтырарлықтай Астанадай жаңа қала тұрғыза алғандығымызды айтып, көкіректерін мақтаныш сезімі баурап, қол шапалақтап, алған әсерлерімен бөлісіп тарқасты.
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать