Войти через

  • 23:02:36
  • -6°C

Среда, 23 января$ 378.54  € 429.79  ₽ 5.72

Ұстаздар караокеде ән айтып, қолөнер бойынша жарысты

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

ТАЛДЫҚОРҒАН. Назарбаев Зияткерлік мектебінің психологтары ART мұғалімдерімен бірлесе отырып педагогикалық ұжымға арналған ауқымды психикалық іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Шара аясында мектеп сыныптары шығармашылық шеберханаларға айналды. Әр ұстаз өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйеніп бірнеше шеберханаларды таңдауына мүмкіншілік берілді. Олардың ішінде «Караоке пати», «Өмір ырғағы» би клубы, «Акварель» сурет салу клубы, «Жүн ертегісі», «Сиқырлы құмыра», «Оюлар әлемінде» атты шеберханалары бар.

«Қазіргі заманғы оқу орындарының оқытушылары психологиялық қолдауды эмоционалдық күйзелісті жеңілдету әдістеріне үйренуін қажет етеді. Мектеп психологтары үшін мұғалімдермен жұмыс істеу- басты бағыттардың бірі. Шығармашылық шеберханаларындағы сабақтар жақсы психологиялық ахуал қалыптастыруға, сондай-ақ ұстаздардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Ұстаздар тарапынан осы психологиялық іс-шараны дәстүрге айналдыру туралы ұсыныс келді», - дейді мектеп психологы Әсем Оспанова.

Фото: НЗМ.

Добавить комментарий

Авторизуйтесь

     
Что вы думаете?