Войти через

  • 23:04:44
  • -2°C

Среда, 13 ноября$ 389.34  € 428.78  ₽ 6.05

Ескелді ауданында меценаттың қолдауымен «Өмір бұлақ» стеласы ашылды

TINFO
TINFO
Служба новостей
Ескелді ауданының орталығы​ Қарабұлақ ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде меценаттың қолдауымен «Өмір бұлақ» атты махаббат стеласы ашылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Бұл стеланың тұрғызылуына меценат Өмірәлі Шәкәрапұлы мұрындық болған. Аталмыш стеланының құрылысына 20 млн теңге қаражат жұмсалған.
Дәл осы "Өмір бұлақ" стеласының ашылу қарсаңында Өмірәлі Шәкәрәпұлы мен жары Кәшипа апайымыздың отау құрғанына 50 жыл толыпты.

Алтын тойдың куәсі болып, өмір бұлақ стеласының ашылу салтанатын көруге облыстық мәслихаттың хатшысы Сұлтан Дүйсенбинов, облыстық Мәдениет сарайының директоры Әли Алпысбаев, Жетісу газетінің бас редакторы Әміре Әрін, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Марлен Көлбаев, Ескелді ауданының әкімі Рауан Рақымбеков, Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев, Көксу ауданының әкімі Алмас Қадбулұлы және ​ қазақ эстрадасының танымал актерлері ​ қатысты.

Сұлтан Дүйсенбинов өз сөзінде игі іске арқау болған меценат Өмірәлі Шәкәрапұлына алғыс білдіріп, алдағы уақытта да рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жүйелі істер атқарылатынына сенімі зор екенін білдірді.
Сондай-ақ, жаңа өмірге аяқ басып, отау құрғалы тұрған 2 жұп осы махаббат сталасының жаңына келіп, қуанышты сәттің куәсі болды. Жас жұбайларға қуаныш иелерінің атынан шағын сыйлық табысталды.

 

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать