Войти через

  • 15:24:54
  • 8°C

Среда, 08 апреля$ 437.2  € 475.32  ₽ 5.79

Алакөлге екі айда 400 мыңға тарта турист келді

Алакөлге екі айда 400 мыңға тарта турист келді

24.07.19

Туризм
TINFO
TINFO
Служба новостей

Биыл Алакөлге маусым мен шілде айларында 393 мың 500 адам демалуға келген, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Бұл туралы Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев мәлімдеді.

«Өткен жылы ауданда туризм саласы бойынша  214 демалыс орнында 1 млн 19 мың  адам демалып, оларға 5 млрд.811 млн теңгенің қызметі көрсетілді. Биылғы жылдың жаз маусымындағы 1 шілдеге дейінгі көрсеткішке сүйенетін болсақ, 393 мың 500 адамға 2 млрд 361 млн теңгеге қызмет көрсетілген. Жазғы демалыс маусымының қызықты мезгілі енді басталғанын ескерсек, бұл сан алдағы уақытта еселене түсері анық», – деді аудан әкімі.             

2018 жылы Алакөл ауданы аумағындағы демалыс орны 214 болса, биыл 998 млн теңге инвестицияға жаңадан 30 нысан қосылды.

«Бюджеттік бағасына тоқталатын болсақ, адам басына тәулігіне 3000-6000-ға дейін. Ең төменгі баға – 2700 теңгені құрайды», - деп атап өтті Әлібек Жақанбаев.

Фото: Өңірлік коммуникациялар орталығы.

Добавить комментарий

Что вы думаете?