Войти через

  • 09:32:55
  • 23°C

Суббота, 21 сентября$ 386.7  € 427.15  ₽ 6.06

Текеліде 40 пәтерлі үй салынуда

TINFO
TINFO
Служба новостей

Биыл шілде айында Текелі қаласының  «Достық» шағынауданында 40 пәтерлі үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі «Текелі тынысы» басылымына сілтеме жасап.

Құрылысты жүргізіп жатқан «Шымыр» ЖШС аталған үйді келісімшартқа сай 6 ай ішінде салып бітіруді жоспарлап отыр. Қазір үйдің іргесі, жертөлесі толықтай бетонмен құйылуда. 

«Айта кетерлігі, тағы 40 пәтерлі 2 үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Бәрі ойдағыдай болса, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады», - делінген басылымда.

Осыған дейін«Достық» шағынауданында 80 пәтерлі 2 үй салынып пайдалануға берілген.

Фото: https://www.facebook.com/m.unerbayev

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать