Войти через

  • 12:06:47
  • -6°C

Вторник, 11 декабря$ 369.35  € 421.47  ₽ 5.57

Жетісулық Бекарыс Садуақас еліміздің ең үздік жас спортшысы атанды

Жетісулық Бекарыс Садуақас еліміздің ең үздік жас спортшысы атанды

05.12.18

Спорт
Диас  Бейсенбек
Диас Бейсенбек
Главный редактор

АСТАНА. Алматы облысының 17 жастағы балуаны Бекарыс Садуақас ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің «Ұлттық спорттық жүлде – 2018» байқауының қорытындысы бойынша «Үздік жас спортшы» атанды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Айта кетейік, Бекарыс Садуақас - биыл қазан айында Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы алтынды әкелген спортшы. 17 жастағы балуан ақтық сында грузиялық Илья Сулуманидзені вазари әдісімен жеңді.

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің «Үздік жас спортшы» аталымы спортшыға 4 желтоқсан күні Астанада тапсырылды. www.olympic.kz ресми сайтында өткен дауыс беруде жетісулық спортшы 5068 дауыс жинады.

«Ұлттық спорттық жүлде – 2018» байқауы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Байқау 10 аталым бойынша өткізілді.

Фото: www.instagram.com/zhetysu_sport

Добавить комментарий

Авторизуйтесь

     
Что вы думаете?