Войти через

  • 10:04:07
  • 24°C

Понедельник, 23 сентября$ 386.7  € 427.15  ₽ 6.06

Талдықорғандық тәртіп сақшысы Азия чемпионы атанды

Талдықорғандық тәртіп сақшысы Азия чемпионы атанды

08.05.19

Спорт
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

2-4 мамыр күндері Бангкок қаласында ММА ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионаты өтіп, онда облыстық Полиция департаменті (ПД) қызметкері полиция аға лейтенанты Мәди Досмұхаметов чемпион атанды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азия чемпионатында әлемнің 12 мемлекетінен 77 спортшы қатысқан. кімнің мықты екенін анықтаған. Алматы облысы Жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Мади Досмұхаметов
83,9 килограмм салмақта өнер көрсетті.

"Алғашқы қарсыласы Үнді елінен келген спортшыны алғашқы раундтың үшінші минутында тұншықтыру әдісімен жеңсе, Бахрейннен келген қарсыласын да бірінші раундтан ары асырмады. «Жеңіс күні» мерекесі қарсаңында Мадидің шыққан биігі тек біздің бөлімшенің ғана емес, барлық полицейлердің, еліміздің жеңісі деп санаймын. Мәдидің жеңісі – қызметкерлердің бірлескен дайындығының, жігері мен намысының нәтижесі. Чемпион әріптесіміз елге аман-есен оралды, жақын күндері қоғамдық тәртіпті қорғаудағы өзінің міндеттерін орындауға кіріседі»,- деп атап өтті Алматы облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жетекшісі Медет Қамалбеков.

Аталмыш жеңістен кейін Мәди Досмұхаметовке халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді.

Фото: ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать