Войти через

  • 00:40:36
  • -6°C

Суббота, 16 ноября$ 388.07  € 427.54  ₽ 6.08

Талдықорғанда денсаулық фестивалі өтті

Талдықорғанда денсаулық фестивалі өтті

09.09.19

Спорт
TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласының Қаратал өзенінің жағалауында «Денсаулық фестивалі – 2019» бұқаралық спорттық шарасы өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Шараны Алматы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы және Талдықорған қаласының әкімдігі ұйымдастырды.

Фестиваль барысында облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжінің спортшылары флеш-моб көрсетіп, қалалық №1, №2 және №4 орта мектеп оқушылары черлидинг биі конкурсын ұйымдастырды.

Жүгіріс қорытындысы бойынша әйелдер арасында 1 орынды қалалық №1 емхана қызметкері Айдана Айдынқызы иеленсе, ерлер арасында 1 орынды қалалық жедел-жәрдем қызметі станциясының қызметкері Қанат Дүйсен иеленді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фото: Талдықорған қаласының әкімдігі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать