Войти через

  • 15:33:01
  • 10°C

Четверг, 14 ноября$ 389.34  € 428.78  ₽ 6.05

«Түнгі лиганың» жеңімпаздары анықталды

«Түнгі лиганың» жеңімпаздары анықталды

01.03.19

Спорт
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

3 айға созылған жарыстың қорытындысы бойынша I орынды облыстық ішкі саясат және спорт басқармасынан құралған топ жеңіп алды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысуларына жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған турнирге бабы мен бағы қатар шапқан 8 команда, 90-ға жуық спортшы қатысты.

Жастар жылы мен «Нұр отан» партиясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған додаға облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі мұрындық болып отыр. Әуелі мемлекеттік қызметкерлерден құралған команда екі топқа бөлініп, турнир біріншілігінің чемпионы атану үшін бақ сынаса, екінші кезеңде Олимпиадалық жүйе бойынша ««Түнгі лига» кубогын сарапқа салды.

II орынды мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы еншілесе, III орын облыстық кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасына бұйырды. Ал «Түнгі лига» кубогын облыс әкімдігі аппаратының командасы иеленді.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге және 12 аталым бойынша үздік атанған спортшыларға мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать