Войти через

  • 02:35:08
  • 0°C

Четверг, 21 марта$ 378.17  € 429.11  ₽ 5.88

Саятшылар мен құсбегілер арасында халықаралық жарыс өтті

Саятшылар мен құсбегілер арасында халықаралық жарыс өтті

08.12.18

Спорт
Диас  Бейсенбек
Диас Бейсенбек
Главный редактор
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. Жамбыл ауданы Көкбастау ипподромында «Саят» ұлттық спорты түрінен «Сонар-2018» халықаралық турнирінің ақтық сындары өтіп, жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үш күнге созылған жарысқа 9 мемлекеттен әуесқой және кәсіби 70 спортшы қатысты. Шараның мақсаты - Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру арқылы үш мың жылдық тарихы бар ұлттық құсбегілік пен саятшылық дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды төрткүл дүниеге кеңінен насихаттау.

Турнир қорытындысы үш аталым бойынша шығарылды.
Ителгі баптағандар арасында:
1 орын - Ақжол Русланға (Алматы қаласы);
2 орын - Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы);
3 орын алған - Шәріпов Медет (Алматы облысы).

Қаршыға ұшырғандар арасында:
1 орын - Атығай Ерасыл (Алматы облысы);
2 орын - Махмұтхан Сағи (Түркістан облысы);
3 орын - Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы).

Бүркіт салғандар арасында:
1 орын - Нұрым Өмірбек (Шығыс Қазақстан облысы);
2 орынға қол жеткізген - Әбен Дулат (Алматы облысы);
3 орын алған - Бабажан Бағдаулет (Жамбыл облысы).
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық, жүлдегерлерге кубоктар, медальдар мен арнайы дипломдар табысталды.

Фото: www.zhetysu.gov.kz.

Комментарии (1)

Руслан Абулов

Руслан Абулов

Армысыз! Ақжол емес Абыл (Абулов) Руслан.
Ответить 09.12.2018 20:27

Добавить комментарий

Авторизуйтесь

     
Что вы думаете?