Войти через

  • 18:07:15
  • 21°C

Воскресенье, 20 сентября

Сарқандық жас өрен Қырғызстанда джиу-джитсудан чемпион атанды

Сарқандық жас өрен Қырғызстанда джиу-джитсудан чемпион атанды

18.02.20

Спорт
TINFO
TINFO
Служба новостей

Бішкек қаласында джиу-джитсудан жасөспірімдер арасында Bishkek PRO International халықаралық турнирінде Алматы облысы  Сарқан ауданының спортшылары 2 алтын, 1 қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Ауданның тумасы Мағжан Байғарым турнир жеңімпазы атанды.


«Менің осы додада топ жарып Қазақ елінің әнұранын бірге қосыла шырқау, елімнің көк туын бәрінен биік тұрып, желбіреуі маған ұмытылмас бақыт сыйлады. Мен маған қолдау танытқан барлық жандарға, өз алғысымды білдіремін. Елімнің көк туын жақын күндері өтетін әлем чемпионатында биікке көтеремін деп сөз беремін», - деді спортшы.

Айта кету керек, 14-16 ақпан күндері аралығында Қырғызстанда өткен турнирге 5 мемлекет, 50-ден аса спортшы қатысты.

Это может Вас заинтересовать