Войти через

  • 20:56:32
  • 27°C

Вторник, 25 июня$ 378.83  € 430.99  ₽ 6.04

Биыл Алматы облысының төрт ауданында спорт кешендері салынады

Биыл Алматы облысының төрт ауданында спорт кешендері салынады

21.02.19

Спорт
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Биыл Ақсу, Қарасай, Көксу, Кеген, Райымбек аудандары мен Қапшағай қаласында денешынықтыру және сауықтыру кешендері салынады, оның төртеуі – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты. 

«Елбасының кемінде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы тапсырмасын орындау мақсатында өткен жылы Алматы облысының Алакөл, Қарасай, Талғар аудандарында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды», - деді өңір басшысы. 

Ал 2022 жылға қарай барлық аудан орталықтары мен ірі елді мекендерде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері жұмыс істемек.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать