Войти через

  • 13:27:20
  • -8°C

Пятница, 22 ноября$ 386.44  € 428.37  ₽ 6.06

Ұзынағашта құны 1,2 млрд теңге болатын емхана салынып жатыр

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Бұл туралы Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Әлиев Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Аудан басшысы баспасөз мәслихатында 2018 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасындағы негізгі көрсеткіштер толығымен орындалып, былтырғы жылмен салыстырғанда өсім қарқыны сақталғанын атап өтті. Ауыл шаруашылығында 2018 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 5 млрд теңгеге артып, 47 млрд 776 млн теңгені құрады. Мәселен, былтыр ауданда 47 мың 302 тонна сүт, 101 млн 239 мың дана жұмыртқа өнімдері өндірілген. Ұзынағаш ауылында 1 млрд 231 млн теңгеге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы «BI Group» ЖШС 250 келушіге арналған емхана құрылысы басталды. Бұл нысан 2019 жылдың 1 қыркүйегіне пайдалануға беру жоспарлануда. Биылғы жылы «Финансовый Партнер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шолаққарғалы ауылдық округіндегі 15 гектар жерге жобалық құны 6 млрд 500 млн теңге тұратын жылдық қуаттылығы 4 мың тонналық жылыжай кешенін салу жоспарланса, ал қуаттылығы 8 мың тоннаны құрайтын «Империя фуд» ет өңдеу зауыты алдағы уақытта іске қосылатынын айтты.

Фото: Интернет.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать