Войти через

  • 23:41:34
  • -5°C

Пятница, 15 ноября$ 388.07  € 427.54  ₽ 6.08

Талдықорғанның солтүстігіндегі су мәселесі шешіледі

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қаланың солтүстік бөлігінің тұрғындары судың жоқтығынан қала әкімшілігінің қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Талдықорған әкімдігіне сілтеме жасап.
Анықталғандай, 2016 жылы салынған су құбыры әлі күнге дейін үйлерге қосылмаған.

«Мен Сіздердің мәселелеріңізді түсіндім. Бүгінгі күннен бастап бір аптаның ішінде бұрынғы су құбырын жүргізген мердігер компания салынған 18 шақырымын түгелімен сараптамадан өткізеді. Ал біз өз тарапымыздан судың келуін қамтамасыз етіп беруге тырысамыз. Жол, құрылыс, Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөлімдерінің қызметкерлеріне тапсырма беремін. Жақын уақыт ішінде мәселелеріңізді шешіп береміз», - деді қала әкімі Ғалымжан Райылұлы. 

Сонымен қатар, су жүргізгенде әр үй иесіне шығын азайту мақсатында техникамен қамтамасыз етіп беретінін айтты. Аталған техника нарықтық бағадан сәл төмен сомаға жұмыс істейтін болады. Оған қоса қала әкімі барлық көше тұрғындарына жеке үйге кіргізетін құбырларын бір жерден ақша қосып алуға кеңес берді. Бұл өз кезегінде шығынның азаюына септігін тигізетінін айтты.

Фото: www.facebook.com/TLD7282/.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать