Войти через

  • 17:12:28
  • 33°C

Воскресенье, 22 сентября$ 386.7  € 427.15  ₽ 6.06

Талдықорғандық 525 балаға киім таратылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласындағы аз қамтылған, мүгедек, жетім және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш көмек Талдықорған қаласының әкімдігі мен «Niyet Charitable Foundation» қоғамдық қорының арасында ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүргізілді.

«Бұл акция Талдықорған қаласы әкімдігі мен «Niyet Charitable Foundation» қоғамдық қоры арасындағы ортақ келісім аясында іске асып отыр. Біз меморандумға қол қояр кезде көмекке мұқтаж жандарға 5000 мыңға дейін киім таратамыз деп келіскен болатынбыз. Қазіргі уақытта келісілген киімдердің 2600 данасы Талдықорған қаласына келді. Бүгін соның алғашқы легінде 525 балаға таратқалы отырмыз», - деді қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов.

Бұл көмек Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мекемесінде тіркеуде тұрған балаларға беріліп отыр. Қайырымдылық шарасының бірінші кезеңінде 112 отбасыға, соның ішіндегі 525 балаға киім-кешектер таратылды. Таратылған киімдердің дені күздік және қыстық қиімдер. Мұнда әр балаға жеке-жеке мән беріліп, киім дене мөлшеріне лайықтандырылып беріліп отыр.

Мұндай қайырымдылық шарасына келген ата-аналар да дән риза. 
«Жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның бағдарламаларын қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов қолға алып, Талдықорған қаласында бірінші рет ауқымды шара ұйымдастырып жатыр. Бұл дегеніміз біз секілді аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға үлкен көмек. Мен ата-аналардың атынан Сіздерге алғыс айтамын. Істеріңіз ретті болсын!», – деді Гүлбану Рахымқызы.

Шаһар басшысы бұл акция жуырда өз жалғасын табатынын атап өтті. Сондай-ақ, Ғалымжан Райылұлы жылыту маусымында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың үйіне көмір тарату жоспарда бар екендігін айтты.

Фото: Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать