Войти через

  • 17:56:14
  • 1°C

Вторник, 19 февраля$ 376.3  € 425.22  ₽ 5.68

Облыс әкімі орынбасарының жастармен бейресми кездесуі өтті

Диас  Бейсенбек
Диас Бейсенбек
Главный редактор

ТАЛДЫҚОРҒАН. Жастарға қызмет көрсету орталығында Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиевпен бейресми кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Шараға Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының және жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

«Ақан Жылқышбайұлы кездесуді жастарды құттықтаумен бастады. Алдағы жыл мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда белсенді іс-қимылдарға жаңа серпін беретінін атап өтті. Кездесу барысында ол әр қызметкердің барлық ұсыныстары мен бастамаларын тыңдап, әр сұрағына толық жауап берді», делінген хабарламада.

Кездесу барысында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ерлан Жақұпов қатысушыларға 2018 жылы атқарылған жұмыстармен және 2019 жылға арналған жұмыс жоспармен таныстырды.
Фото: Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы.

Добавить комментарий

Авторизуйтесь

     
Что вы думаете?