Войти через

  • 13:46:36
  • 31°C

Суббота, 21 сентября$ 386.7  € 427.15  ₽ 6.06

Кербұлақ ауданында кәсіпкер үйсіз жүрген отбасыға баспана сыйлады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округінде «Қызылшоқы» шаруа қожалығының басшысы Алдан Бекиев Жүнісовтер отбасына 4 бөлмелі баспана кілтін тапсырды, деп хабаралайды TINFO желілік агенттігі.

Баспана иесі Айдын Маратайұлы кәсіпкерге өзінің шексіз алғысын жеткізді.

«Осы уақытқа дейін жұмыссыз, үйсіз жүрдік. Осындай мереке қарсаңында бізге баспана кілтін тапсырып, отбасымды қуанышқа бөлеп жатыр. Міне, Алдан Ботайұлы баспана беріп, жұмысқа тұрғызды. Алдан Ботайұлына алғысымыз шексіз», - деді жаңа үй иесі.

«Міне бүгін осындай отбасына баспана кілтін тапсырғаныма, бүлдіршіндердің жүзіне күлкі ұялатқаныма өте қуаныштымын», - деді Алдан Ботайұлы.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать