Войти через

  • 18:02:16
  • 26°C

Воскресенье, 18 августа$ 386.82  € 428.67  ₽ 5.86

Көксу ауданында кәсіпкер 8 баланың анасына баспана сыйлады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Көксу ауданында меценат-кәсіпкер көп жылдан бері баспанасыз, жалдамалы пәтерде тұрып келген Солтангазиевтар отбасына баспана сыйлады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Гүлзира мен оның сегіз баласын қуантқан, отағасы Нұрахметты жігерлендірген көксулық жомарт кәсіпкер аноним қалғысы келді. 10 жылдан бері шиеттей бала-шағамен баспана тауқыметін тартып келген отбасыға аудан орталығы Балпық би ауылының Қазбек би көшесінен тұрмысқа жайлы 5 бөлмелі үйдің кілті табысталды. 

Гүлзира мен Нұрахмет Солтангазиевтар 5 қыз, 3 ұл тәрбиелеуде. Кенже ұлдары туа біткен сал ауруымен ауырады. Гүлзира Қазтайқызы сол баланың күтімімен айналысады, жолдасы Нұрахмет жалдамалы құрылысшы. «Бүгін міне қолы ашық жандардың арқасында баспаналы болдық. Бұл жаңалықты хабарлағанда сенбедім. Түс деп ойладым. Бізді осында әкеп, қолымызға кілтті табыстағанда қуанышымда шек болмады. Бәрінен бұрын балаларым бақытты. Енді олар армандағандай өз бөлмесіне қол жеткізеді. Барлығына көп рахмет.  Менің отбасыма қол ұшын созып, көмектескен жандарға алғысымды білдіремін», – дейді Гүлзира Қазтайқызы көз жасына ерік беріп. 
Айта кетейік, бұл аудан кәсіпкерлерінің бастамасымен беріліп жатқан 4 үй.

2018 жылы Мұқаншы ауылында тұрмысы төмен екі отбасыға және жуырда Қызылтоған ауылында көпбалалы отбасыға пәтер кілті табысталған болатын.
Фото: әлеуметтік желілер.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать