Войти через

  • 17:52:25
  • 1°C

Вторник, 19 февраля$ 376.3  € 425.22  ₽ 5.68

Көксу ауданында 20 отбасыға пәтер кілті табысталды

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
Жаңа жыл қарсаңында аудан орталығы Балпық би ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары қатысып, 20 отбасыға пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
5 қабатты тұрғын үйдің құрылысын «Стройсервис ИНК» ЖШС компаниясы жүргізген. 
Жаңа пәтерге жайғасқандардың басым көпшілігін көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын өзге де азаматтар бар.
Фото: Көксу ауданының әкімдігі.

Добавить комментарий

Авторизуйтесь

     
Что вы думаете?