Войти через

  • 06:13:53
  • 15°C

Среда, 19 июня$ 383.69  € 429.08  ₽ 5.97

Талдықорған мектептерінің басшыларына ескерту жасалды

Талдықорған мектептерінің басшыларына ескерту жасалды

11.06.19

Скандал
TINFO
TINFO
Служба новостей
Қала әкімдігінің қаулысы негізінде құрылған арнайы Талдау тобы орта білім беру мекемелеріне қатысты мониторинг жүргізді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Әкімдіктің ақпаратынша, Талдау тобы «Талдықорған қаласы аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша кейбір сұрақтарға шаралар қабылдау туралы» қала әкімдігінің қаулысы негізінде құрылған. Жұмыс тобының мақсаты - мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, сонымен бірге қызмет алушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ыңғайлы әрі кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгін облыс орталығындағы №2 орта мектеп, М. Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейі, А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп, К. Ушинский атындағы №7 орта мектеп және Н. Островский атындағы №8 орта мектептеріне қатысты талдау жүргізілді.
«Нәтижесінде жоғарыда аталған мекеме басшыларына 2019-2020 жаңа оқу жылына дейін анықталған кемшіліктерді жою және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын сақтау және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау туралы мекеме басшылары қатаң ескертілді», - делінген әкімдік хабарламасында.
Фото: www.facebook.com/pg/TLD7282/.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать