Войти через

  • 00:06:44
  • -4°C

Понедельник, 18 ноября$ 388.07  € 427.54  ₽ 6.08

Ақтөбелік кәсіпорынға 1 млн долларға жуық салықты қате есептеген

Ақтөбелік кәсіпорынға 1 млн долларға жуық салықты қате есептеген

24.09.19

Скандал
TINFO
TINFO
Служба новостей

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі фермерлік шаруашылықты қате қосымша кеден есептеулерінен қорғады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Бұл туралы Агенттіктің алаңында өткен брифингінде хабарланды.

«Green Capital Kazakhstan» компаниясы елге түрлі жабдықтар әкелген және оған Мемлекеттік кіріс комитетінің кеден органдары жоспардан тыс тексеру ұйымдастырған. Техниканы қате жіктегені үшін кәсіпорынға қазынагерлер 350 млн теңге қосымша баж салығын есептеген. Фирма өкілдерінің айтуынша, бұл соманың қайдан пайда болғанын ешкім нақты түсініріп бере алмаған.


Сондықтан, олар заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне, нақтырақ айтқанда, «Protecting business and investments» жобалық кеңсесіне жүгінген.

«Әрине, біз мұндай қосымша есептеулермен келіспедік және жобалық кеңсе мен облыстық әкімдікке жүгіндік. Тек осыдан кейін ғана бәрі өзгере бастады. Менің ойымша, біз жобалық кеңсе қызметкерлерінің араласуынсыз мүлдем жұмыс істей алмайтын едік», - деді «Green Capital Kazakhstan LLP» ЖШС техникалық директоры Ерлан Жаңабергенов.

Агенттікте 1 млн долларға жуық төлем компанияны банкрот етіп, сол арқылы Ақтөбе облысын 240 жұмыс орнынан айырып, мемлекеттік бюджет жыл сайын 480 млн теңгеге азаюы мүмкін болғанын атап өтті.

«Тексеру қорытындысы бойынша қате жіктегені үшін аталған кәсіпорынға 350 млн теңгеден астам қосымша кеден есептеулерін көрсеткен. Және бұл компания мен инвестициялар жөніндегі комитет арасындағы кеден салығын төлеуден босату түріндегі инвестициялық преференция берілген келісім-шартқа қарамастан орын алған», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдула.

Нәтижесінде ҚР Қаржы министрлігінің аппеляциялық комиссиясы инвестор мен кеденшілер арасындағы дауды қарастырды. Айыппұл кеден салымдары тек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет араласқаннан кейін ғана тоқтатылды.

Осыған дейін  «Green Capital Kazakhstan» компаниясының жұмысымен Мемлекет бсшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында танысқан болатын.

Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать