Войти через

  • 14:46:10
  • 8°C

Среда, 28 октября

Сарқан ауданында қант қызылшасын жинау науқаны басталды

Сарқан ауданында қант қызылшасын жинау науқаны басталды

30.09.20

Новости
TINFO
TINFO
Служба новостей


Сарқан ауданында тәтті түбір жинау маусымы басталды деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Түгін тартсаң майы шығатын құнарлы өлкеде биылғы жылы аудан бойынша 3167 га жерге тәтті түбір сеуіп, одан 126 680 тонна өнім алу жоспарлануда.
Ал, былтырғы жылмен салыстырсақ 2850 га қант қызылшасы себіліп одан, 97 мың тоннадан астам өнім алған едік.
Қазір шаруалардың жаз бойы күтіп-баптап өсіргендерін жинап, еңбек жемісіне кенелетін берекелі де мерекелі шақтарының бірі. Сондықтан қант қызылшасын өсіруге ден қойған диқандар да күздің әр күнін қалт жібермей, науқандық жұмыстарды қыздыруда.
Бүгін «Ақсу Қант» зауытына көш басын бастап, «Жасқант», «Елубаев» және «Самал» шаруа қожалықтары 11 камаз шамамен 275 тоннадай қант қызылшасын зауытқа өткізді.
Өткен жылы 70 шаруа қожалық тәтті түбір сепсе, бүгінгі күні оның саны 86 – ға жеткен.
Осыған байланысты «Ақсу Қант» зауытының ұжымы да өз жұмысына кірісіп, бағалы дақылдың алғашқы өнімдерін қабылдай бастады. Зауытқа іргелес Алакөл, Ақсу аудандарыда жол тартып, өнімдерін өткізуде.
- Елбасы қолдауының арқасында еліміздің барлық шаруаларына жақсы жағдай жасалуда. Шаруалар мемлекет тарапынан субсидия, тұқым, тыңайтқыштар мен жанар-жағармай түріндегі қомақты көмек пен қолдау табуда. Себілген тәтті түбір мол өнім беріп, бәрімізді қуантады деген ойдамын. Алдағы уақытта бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке қол жеткізу біздің басты мақсатымыз»,- деді аудандық ауыл шаруашылық бөлім басшысы Жандос Өмірсадық.
Естеріңізге сала кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысына жасаған іс сапары кезінде аймаққа қант қызылшасы бойынша бұрынғы атағын қайтару тапсырмасы қойылған болатын. Осы мақсатта өңір басшылығы сәйкесінше жұмыстар жүргізді. Қант қызылшасын өсіретін шаруаларға қаражат қарастырылып мемлекеттік субсидия бөліп, арнайы техника, сапалы тұқым, жанар жағармай сатып алуларына жағдай жасап жатыр.
Ала-жаздай төгілген тер, атқарылған жұмыстар аз емес. Биылғы жылы диқандар қант қызылшасының көлемін арттырып, санға емес нақты сапалы өнім алуға жұмыс жасағаны анық.
Айта кеткен жөн, ауданда қант қызылшасын тасымалдап жинау үшін барлығы 80 камаз, 12 комбайн жұмылдырылған.

Это может Вас заинтересовать