Войти через

  • 07:20:02
  • 12°C

Четверг, 22 октября

Сарқан ауданында 6 мың тоннадан астам жүгері жиналмақ

Сарқан ауданында 6 мың тоннадан астам жүгері жиналмақ

14.10.20

Новости
TINFO
TINFO
Служба новостей
Сарқан ауданында 6 мың тоннадан астам жүгері жиналмақ деп, хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Саялы Сарқан ауданы ауыл шаруашылығына қолайлы жер болғандықтан, халықтың басым бөлігі осы салада жұмыс істейді.
Биылғы жылы шаруалар барлық себілген дақылдардың көлемі арттырып, қамбаға мол өнім жинауды көздеп отыр.
2019 жылы аудан бойынша 800 га жүгері себілсе ал, биылғы жылы оның көлемі 1547 га жеткен одан, 6 мың тоннадан астам өнім жинауды жоспарланып отыр.
Жандос Өмірсадық, аудандық ауыл шаруашылығы бөлім басшысы:
«Жүгері жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Алқаптарда 23-тен аса техника жұмыс істеп жатыр. Жиналған өнімдердің басым бөлігі, малдың азығына жөнелтілмек. Негізгі дақылдардың барлығы қазан айының соңына дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, ауыспалы егістікті қолға алып жатқан шаруалар көп. Бұның арқасында жердің құнарлығын сақтап, тозып кетпеуіне өз пайдасын тигізеді. Осы орайда, біз аудандық жер қатынастары бөлімімен бірлесіп, жұмыстар жасап жатырмыз. Біздің тарапымыздан түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізілуде», - деді.
Бүгінгі күні жүгері жинау науқаны басталып, қазан айының соңына дейін аяқталмақ.
Шаруалар тұқымды көбіне Ресей елінен және жергілікті жерден тасмалдайды. Олар: «Алатау-107», «Краснодарский-507», «Туран-480 СВ», «Тургайская 5/87», «Сория», «Пионер», «Тулпар» және «NS - 640».
Айта кеткен жөн, жыл сайын жүгеріні себетін шаруа қожалықтардың саны артып, бүгінгі күні оның саны 31 жеткен.

Это может Вас заинтересовать