Войти через

  • 11:58:27
  • -6°C

Вторник, 11 декабря$ 369.35  € 421.47  ₽ 5.57

Жетісу өңірі сыбайлас жемқорлықсыз мекен деп жарияланды

Диас  Бейсенбек
Диас Бейсенбек
Главный редактор

ТАЛДЫҚОРҒАН. Бұл туралы Талдықорған қаласында өткен «Адал жол - Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафонын қорытындылауға арналған салтанатты шарада мәлім болды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

«Осы атқарылған іс-шаралар нәтижесі алдағы уақытта Жер жаннаты Жетісу өңірін - Сыбайлас жемқорлықсыз мекен деп жариялаудың бастамасы болмақ. Яғни, жұмыстың жалғасы ретінде, Агентіктің төрағасы Алик Жатқамбайұлы және облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы жақында ғана «Жетісу - адалдық алаңы» жобасының жарғысына қол қойып, жыл басынан бастап іске қосылатын болады. Бұл жобаны жүзеге асыруға негіз болған Елбасының 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатын өсуі – табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы», - делінген облыстық департамент хабарламасында.

«Жетісу - адалдық алаңы» жобасы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, цифровизация, білім және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтасыз ету, ауыл шаруашылығы, сәулет және құрылыс, тұрғын -үй шаруашылығы және бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі сияқты негізгі бағыттарды қамтитын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің «Адал жол - Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны 2018 жылдың 6 сәуірінде басталған болатын.

Фото: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті

Добавить комментарий

Авторизуйтесь

     
Что вы думаете?