Войти через

  • 19:00:33
  • 29°C

Вторник, 20 августа$ 386.91  € 428.81  ₽ 5.79

Ақсулық меценат мектепке екі жаңа кабинет сыйлады

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

АҚСУ АУДАНЫ. Ақсу ауылы «Мамания» орта мектебінде кәсіпкер Молдияр Қылшықұлы математика және ағылшын пән кабинеттерін толық жабдықтап, салтанатты ашылуы өткізілді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

«Туған жерге туыңды тік» акциясы аясында ел игілігіне жанашырлық танытьып жүрген ел ағасы өзі білім алған оқу ордасына осылайша жаңа леп сыйлады.

Жиынға сондай-ақ, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіров Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Дәулет Тұрлыханов, ауыл ақсақалдары , аудан әкімдігінің өкілдері қатысты.

«Бүгін қуанышты еске қаларлық күн болып отыр. Мен ұдайы қай жерде жүрсемде ақсулықпын, мен ақсудың тумасымын деген сөздерді айтып мақтанып жүремін. Бүгін осы мектепті түлеп ұшқаннан кейін, жұбайыммен 51 жыл өткен соң бірінші рет келіп отырмыз. Баршаңызға рахмет. Менің оқыған сыныбымнан арнайы пән кабинеті ашылды. Осы мектепті түлеп ұшқан ел батырлары, танымал азаматтар көп болсын» - деді ақсулық меценат.

Фото: Ақсу ауданының әкімдігі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать