Войти через

  • 11:36:10
  • 29°C

Среда, 24 июля$ 384.06  € 429.19  ₽ 6.08

Талдықорған әкімі суға ағып кеткен Айнагүл Сқақбайдың үйіне барды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Облыс орталығының басшысы Ғалымжан Әбдірайымов бес күн бұрын суға ағып кеткен Айнагүл Сқақбайдың үйіне барып, ата-аналары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғалымжан Әбдірайымов орын алған жағдай мен іздестіру жұмыстары жөнінде хабардар екенін жеткізді.

«Бес күн бойы мен Сіздердің жандарыңызда жүріп туыстай болып кеттім. Жандарыңыз қалай ауыртатынын да мен білемін. Бүгін міне, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасымен көмек ретінде бір миллион теңге көмек беретін боламыз. Оған қоса бұдан ары да медициналық, психологиялық көмектер беріп отыратын боламыз», - деді Ғалымжан Райылұлы.

Қайтыс болған жасөспірімнің әжесі іздестіруге қатысқан азаматтарға алғысын айтты.

«Рахмет қарақтарым. Сіздердің бес күн бойы қалай жұмыс істеп, қаншама адамды жұмылдырғандарыңызды біз басы-қасында жүріп көрдік. Техникалармен қамтамасыз етіп, қызымызды іздестіріп тапқандарыңыз үшін рахмет айтамыз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, 5 шілде күні 14 жастағы Айнагүл Қаратал өзеніне ағып кеткен. Жасөсіпірімнің денесін іздеуге 300-ге жуық адам жұмылдырылған болатын. Іздестіру амалдарына қатысушылар алты күн бойы өзеннің арнасын бұрып, іздеу жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Фото: видеоның скриншоты.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать