Войти через

  • 06:44:52
  • 2°C

Пятница, 18 октября$ 389.94  € 433.5  ₽ 6.1

Панфилов ауданындағы өрт: 3 адам қаза, 7 адамды күйік шалды

TINFO
TINFO
Служба новостей

5 тамызда Алматы облысы Панфилов ауданы Талды ауылдық округінің аумағындағы таулы жерлерде дала өртін сөндіру кезінде 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қайтыс болған азаматтардың біреуі Жаркент орман шаруашылығы мекемесінің қызметкері, қалған екеуі өртті өз күштерімен сөндіруге тырысқан жергілікті тұрғындар.

Сонымен қатар, 7 адам түрлі дәрежедегі күйік алды, оның ішінде 1 адам аяғын сындырды.

«Зардап шеккендер Лесновка ауылына тікұшақпен жеткізілді, олар одан әрі Жаркент қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылады. Оқиға орнында Алматы облысының ТЖД мен Полиция департаментінің жеке құрамынан 59 адам, 13-тен астам арнайы техника, сондай-ақ Жаркент мемлекеттік орман мекемесінің қызметкерлері жұмыс істеуде», - делінген хабарламада.

Өрт ошағын сөндіруге өрт сөндірушілер және полиция қызметкерлерімен бірге жергілікті тұрғындар, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерінен құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдар жұмылдырылды. Сонымен бірге таулы жердегі өртті сөндіру қиындық туғызуына байланысты суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылды.

Министрліктің ақпаратынша, қазіргі уақытта өртті сөндіру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Фото: ІІМ.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать