Войти через

  • 01:40:14
  • 1°C

Четверг, 24 октября$ 388.96  € 432.21  ₽ 6.09

Жемқорлыққа қарсы ұлттық баяндаманың жобасы талқыланды

Жемқорлыққа қарсы ұлттық баяндаманың жобасы талқыланды

02.02.19

Политика
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы үш механизм шеңберінде жұмыстар басталды. Кәсіби білікті мемлекеттік апарат қалыптастыру, қаржылық жұмыстардың ашықтығы және цифравизация, онлайн қызмет, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.  

Мемлекет басшысы 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күресті ары қарай жалғастыруды және оның алдын алу турасында нақты тапсырмалар беріліп, үш механизмдер анықталған болатын: қоғам және мемлекет мүддесіне адал қызмет ететін жоғары кәсіби мемлекеттік аппарат, мемлекеттік институттардың ашықтығы, транспаранттілігі мен есеп берушілігі, тұтынушыға бағдарлану және мемлекеттік қызметтердің цифравизациясы. 

Алматы облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Жандос Жұмабаевтың айтуынша, облыста осы үш бағытта жұмыстар басталып та кеткен. 

«Бүгінде елімізде мемлекеттік қызмет жүйесі аралас «позициялық-мансаптық» үлгіден меритократия қағидаларын ұстанатын «мансаптық» жүйеге ауысты. Облыс көлемінде өткізілген ішкі конкурс нәтижесінде тағайындалғандардың саны - 521 бірлік, оның ішінде жоғары лауазымдарға тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үлесі 73,5%, немесе 383 бірлікті құрады. Ал, мемлекеттік аппараттың азаматтармен қарым-қатынасының қол жетімділігі, онлайн қызмет, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша өңірде бүгінде 56301 электронды қызмет нысандары орналасқан», - дейді ол.

Сонымен қатар, департаменттің азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшыларды тарту арқылы 14 мемлекеттік орган қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау жұмыстары жүргізілді. Талдау қорытындылары қорытындылары талдау нысандарына қатысты нормативтік-құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқару қызметінде 200-ден аса сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Қазіргі уақытта берілген ұсынымдардың 186-сы немесе 90% орындалды.

2018 жылы жалпы құны 400 млрд. теңгеге жуық инвестияциялық жобаларды қолдау үшін 17 келісімге қол қойылған. Оның 13-і шетел капиталболса, 4 – отандық қаржы есебінен. «Protesting business and investments» жобасы бизнес пен инвестицияны сыбайлас жемқорлықтан қорғауға бағытталған бастамалардың бірі болды. Одан бөлек, білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғышарт ретінде ұсынылған үш жылдықмерзімді қамтитын «Саналы ұрпақ» жобасын атауға болады. Оның негізінде облысымыздағы 3 ЖОО-да, 64 колледжде қызмет көрсету орталықтары ашылды. І.Жансүгіров атындағы ЖМУ «Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебінде арнайы мониторингтік топ мүшелері бірлесіп, 38 студенттік жатақханада мониторингтік талдау жұмыстарын жүргізді.

Бұдан бөлек Алматы облысының мемлекеттік басқару институтына азаматтардың сенімін арттыру болып табылатын «Жетісу – адалдық алаңы» атты жобалық кеңсесі ашылды. Бүгінде аталмыш жобалық кеңсе толыққанды жұмыс атқарып, кадрларды іріктеумен айналысуда.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама тек аналитикалық құжат қана емес. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың құқықтық және институционалдық негіздерін жетілдіру арқылы практикалық ұсыныстарды әзірлеуге арналған бастама болып табылады.
Фото: Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать