Войти через

  • 00:56:04
  • -2°C

Суббота, 07 декабря$ 384.97  € 427.12  ₽ 6.04

Үшкемпіров: Астананың авторы - Нұрсұлтан Назарбаев

Үшкемпіров: Астананың авторы - Нұрсұлтан Назарбаев

21.03.19

Политика
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Қазақстанның Еңбек Ері, "Жақсылық" шаруа қожалығының басшысы Жақсылық Үшкемпіров Астана қаласын "Нұр-Сұлтан" деп атау жөніндегі шешімге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
"Алматы – бұрынғы бас қала. Бүгінде бұл ұлы миссияны Астана арқалап, қазақтың көшін алға сүйреп келеді. Біз көрген тоқсаныншы жылдардың басында Ақмола деп аталатын кішкентай ғана кент еді.

Солтүстік аймақтың климаты қатал жазық даласында орналасқан шағын шаһар көп ұзамай тоты құстай түрленіп, жердегі жұмаққа айналды. Ғажайып құбылыстың авторы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Ол қаланың сәулеттік концепциясын әзірлеп, аумағын кеңейтті. Қазір отыз жыл бұрынғы Ақмола мен бүгінгі Астананың келбетін салыстырғанда, жер мен көктей айырмашылықты еш қиындықсыз байқауға болады.

АҚШ мемлекеті де астанасын Вашингтон деп атады емес пе?! Вьетнамдықтар да бірінші Президентінің құрметіне бір қаласын Хошимин деп өзгертті. Ырымшыл қазақпыз, жолын берсін, Астана атауын Нұрсұлтан деп ауыстыруды бәріміз қолдағанымыз жөн", - деді Жақсылық Үшкемпіров.
Фото: Интернет.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать