Войти через

  • 23:20:48
  • 9°C

Воскресенье, 27 сентября

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы әріптестіктің 10 жылдығы атап өтілді

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы әріптестіктің 10 жылдығы атап өтілді

26.07.19

Политика
TINFO
TINFO
Служба новостей

Бүгін Қаратал ауданында Қазақстан және Оңтүстік Корея Республикаларының арасындағы дипломатиялық, стратегиялық әріптестіктің орнатылуының 10 жылдығына арналған митингі болып өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

Шара Бастөбе жотасының бөктерінде барша жер аударып келген кәріс ұлтының алғысын білдіретін «Қазақ халқына мың алғыс» атты монументтің жанында өткізілді.


Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, ҚР Мәжіліс депутаты Роман Ким, аудан әкімі Қайрат Найманбайұлы, Корея Республикасының бас консулы Ким Хынг Су , Қазақстандағы Кәрістер қауымдастығының президенті Сергей Огай және этно-мәдени бірлестік мүшелері, аналар кеңестерінің төрағалары мен аудан жұртшылығы қатысты. Көпшілік тарихқа тағзым, өткенге құрмет ретінде монументке гүл шоқтарын қойды.

«Зұлматты 1937 жылдары зорлықпен жер аударылған мыңдаған халықтарға құтты қоныс болып, сүйікті отанына айналған қасиетті Қаратал жеріне қош келдіңіздер! Бұрынғы Кеңес өкіметінің саясатымен республикаға әр жылдарда бірнеше толқын жер аударылған біртұтас халықтар қазіргі заманғы Қазақстандық көпұлтты отбасының үлгісі болып табылады. Биылғы жылы біз корей ұлты өкілдерінің Қазақстанда қоныстанып, өмір сүріп жатқанына 82 жыл», - деді облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров.


Сөз алған Корея Республикасының бас консулы Ким Хынг Су сонау қиын-қыстау кезеңде кәрістердің өмір сүруіне, бейімделуіне әсер еткер бірнеше факторды атап өтті.

Салтанатты шарада облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды. Осыдан соң шара Кемел Токаев атындағы орта мектебінде жалғасын тапты. Делегация өкілдері Кемел Токаев мектебіне ат басын бұрып музеймен танысып көрмені тамашалап мектеп ұжымына сыйлықтарын табыс етті.


Фото: Қаратал ауданының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать