Войти через

  • 11:20:34
  • -1°C

Пятница, 13 декабря$ 384.63  € 427.98  ₽ 6.08

Амандық Баталовтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Амандық Баталовтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

08.03.19

Политика
TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Құттықтау zhetysu.gov.kz сайтында жарияланды.

«Ардақты аналар! Аяулы арулар!

Сіздерді 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Көктемнің осы бір ерекше күнінде ерен еңбектеріңіз, даналық пен төзімділіктеріңіз үшін, қамқорлықтарыңыз бен мейірімге толы жүректеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

Үйде де, түзде де өзіне жүктелген жауапкершілік жүгін талмай көтеріп келе жатқан әйелдер қауымының қоғам үшін орны қашанда бөлек. Нәзік жандар экономиканың түрлі саласында табысты еңбек етіп, шаңырағының берекесін кіргізіп, ұрпақ тәрбиелеп отыр. Жетісу жерінің өсіп-өркендеуінде әрбір әйел-ананың айрықша еңбегі бар екенін атап өткім келеді.

Ана – нәзіктік пен мейірім атаулыны бойына жиған ең қастерлі адам. Ананың аялы алақаны, нұрлы жүзі, жан шуағы әрбір отбасын ғана емес, бүкіл ғаламды ортақ адамзаттық биік мақсаттарға ұмтылдырып, бейбіт те берекелі ғұмыр кешуге үндеп келеді.

Біз сіздердің өлшеусіз еңбектеріңізді, баға жетпес болмыстарыңызды қашанда қастер тұтамыз.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасының шаттығын, мол бақыт, толайым табыс тілеймін!

Осы көктем жүректеріңізге қуаныш, жандарыңызға жақсылық сыйласын!

Гүлдей құлпырып, Күндей жарқырап, маңайға мейірім мен жылу төге беріңіздер!

Әр шаңырақтың берекесі артып, ырысы тасып, татулықта өсіп-өнуіне тілектеспін!

Көктемнің шуағындай, мейірімнің бұлағындай жарқын мереке құтты болсын!», - делінген өңір басшысының құттықтауында.

Фото: zhetysu.gov.kz

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать