Войти через

  • 23:13:16
  • -6°C

Среда, 23 января$ 378.54  € 429.79  ₽ 5.72

Амандық Баталов ел бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды

Амандық Баталов ел бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды

05.01.19

Политика
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Талдықорғандағы Достық үйінде Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблея мүшелерінің жиыны өтті. Онда облыстық Ассамблея хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай ел бірлігін нығайтуға қосқан еңбегі үшін берілетін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалін облыс әкімі Амандық Баталовқа табыстады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі әкімдік сайтына сілтеме жасай отырып.

Жиын барысында өңір басшысы этносаралық татулық, ел ішіндегі ынтымақ пен бірлік мәселесі, Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалаларынан туындайтын міндеттер жайлы кеңінен сөз қозғады.


Мұнан соң «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің төрайымы Светлана Гаитова, татар этно мәдени орталығының жетекшісі Руслан Валишанов, орыс этно мәдени орталығы жетекшісінің орынбасары Лариса Котельникова, Аналар кеңесі төрайымның орынбасары Ғалия Ақбасова және басқа да бірлестіктердің өкілдері сөз алып, өңірдегі оң өзгерістерге деген көзқарастарын білдірді. Атап айтқанда, Талдықорған қаласының күннен күнге көркейіп келе жатқанына, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікке қолдау көрсету шараларына, әрбір этностың өз тілі мен дәстүрін, мәдениетін сақтауға жасалып отырған жағдайға ризашылықтарын айтты. Бұдан былай да береке-бірліктің арқасында елді өркендету ісіне атсалыса береміз деген тілектерін жеткізді.

Кездесуде Ассамблеяның бірқатар мүшелеріне Амандық Баталов Құрмет грамотасын, Алғыс хатын және Достық үйінің 10 жылдығына арналған төсбелгілерді тапсырды.

Фото: zhetysu.gov.kz

Добавить комментарий

Авторизуйтесь

     
Что вы думаете?