Войти через

  • 23:32:02
  • -5°C

Пятница, 15 ноября$ 388.07  € 427.54  ₽ 6.08

Алматы облысында Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды

Алматы облысында Президенттік жастар кадрлық резервіне  іріктеу басталды

10.09.19

Политика
TINFO
TINFO
Служба новостей

Қыркүйек айының 1-нен бастап президенттік жастар кадр резервіне тіркеу басталды. Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев мәлімдеді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Тіркеу онлайн платформада жүргізіледі. Іріктеу бірнеше кезеңнен құралған. Үміткерлер алдымен тест тапсырып, кейін эссе жазады. Бұл арқылы қатысушылардың ой-өрісі, грамматикасы мен көшбасшылық қабілеті бағаланады. Онлайн сыннан сүрінбей өткендер бейнежазбалар арқылы өз жобаларын қорғайтын болады. Іріктеу соңында эксперттік комиссия әр үміткермен жеке кездесу өткізеді.

Ең көп балл жинаған кандидаттар тізімі ҚР Президенті жанындағы жастар кадрлік резервін жасақтайтын  ұлттық комиссия отырысында белгілі болады.

«Жастар кадр резерві - бұл қызметтік өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқару біліктіліктерінің жоғары деңгейіне ие, өзін-өзі кәсіби дамытуға, оқып-үйренуге бейім, сараптамалық ақыл-қабілеті айқын көрінетін көшбасшылық сипатқа ие жастарға арналған резерв. Президенттік кадр резерві алдағы реформалардың локомотиві болатын жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифтті құру мақсатында қалыптастырылады», - деп атап өтті Серікбай Нұрғисаев.

Азаматтар Президенттік кадр резервіне бес жылдық мерзімге алынады. Резервке тұрған азамат саяси немесе басқарушы лауазымдарға, ұлттық холдингтердің немесе компаниялардың басқарушы лауазымдарына тағайындала алады.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы  қатыса алады.

Фото: Өңірлік коммуникациялар орталығы.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать