Войти через

  • 17:14:24
  • 33°C

Вторник, 16 июля$ 383.01  € 430.12  ₽ 6.1

Қала әкімі мердігер компаниялардың жұмысын сынады

Қала әкімі мердігер компаниялардың жұмысын сынады

15.05.19

Политика
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов салынып жатқан жол нысандарын аралады деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Әкім жұмыс сапасының орындалуына қатысты бірқатар ескерту жасады.
Қалалық әкімдіктің хабарлайынша, Ғалымжан Әбдірайымов «Гордострой» ЖШС жұмыс жүргізіп жатқан нысандардың жұмыс кестесінің ұзақ екенін ескеріп, тапсырыс беруші мен мердігер компания директорына қайта қарастыруды тапсырды.
Ал Қабанбай батыр көшесінде тротуар салып жатқан мердігер компанияның асфальт құрамының дұрыс болмауынан жұмысты тоқтатып, асфальт құрамын өзгертуді қатаң тапсырды.
«Қазіргі уақытта Сіздер ұсақ түйірлі емес, ірі түйірлі қиыршық тас салып жатырсыздар. Бұл ертең бірінші қардан кейін-ақ үгітіліп, топырағы шығып қалады. Содан кейін халық мердігерді емес, қалалық әкімдікті кінәлайды. Тапсырыс алған соң, мемлекет қаржысына жасап жатқан соң жауапты болу керек. Барлық салған асфальтыңызды алып тастаңыз да, қайтадан технологияда көрсетілген фракция бойынша салып шығыңыз», - деді Ғалымжан Райылұлы.
Мердігер компания басшысы қателіктерді түзету бойынша жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Фото: Талдықорған қаласының әкімдігі

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать