Войти через

  • 03:04:47
  • -5°C

Понедельник, 09 декабря$ 384.97  € 427.12  ₽ 6.04

Жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушілерге айыппұл салынды

Жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушілерге айыппұл салынды

24.07.19

Общество
TINFO
TINFO
Служба новостей

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда адалдық пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыра отырып, жаңа жұмыс форматына көшті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Департамент «Жетісу - адалдық алаңы» жобасы аясында «Жол бер – өмір сыйла» акциясын ұйымдастырды. Оның негізгі мақсаты - көлік жүргізушілері арасында парасаттылықты қағидаттарын арттыру болып табылады.

«Бүгінгі акция көлік жүргізушілеріне ғана емес, сондай-ақ барлық азаматтарға жақсы үлгі болатынын атап өту керек. Акция Полиция департаменті мен Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Қысқа уақыттың ішінде екі көлік жүргізушісіне жедел жәрдем көлігіне жол бермегені үшін әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды», - деп атап өтті департамент өкілдері.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар олардың күнделікті қызметінде өте қажет, себебі жедел медициналық көмектің негізгі міндеті оқиға орнына жедел жету және адамдардың өмірін құтқару болып табылады. Яғни, шақыруға қаншалықты жедел келеді, адамның денсаулығы мен өмірін құтқару мүмкіндігі соншалықты жоғары болады.

Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать