Войти через

  • 17:09:06
  • 33°C

Воскресенье, 22 сентября$ 386.7  € 427.15  ₽ 6.06

Талдықорғанның үздік учаскелік инспекторы анықталады

Талдықорғанның үздік учаскелік инспекторы анықталады

11.09.19

Общество
TINFO
TINFO
Служба новостей

«Үздік учаскелік полиция инспекторы» қалалық байқауы басталды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер
1.1. «Үздік учаскелік полиция инспекторы» байқауы (бұдан әрі - байқау) «Қала күні» мерекесі аясында кәсіби шеберлікті арттыру және білікті мамандарды анықтау мақсатында өткізіледі.
1.2. Байқауды Талдықорған қаласы ІІБ-нің Жергілікті полиция қызметі мен «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірлесе отырып, 2019 жылғы 5-25 қыркүйек аралығында өткізеді.
1.3. Байқауды ұйымдастыру мен әдістемелік қамсыздандыруды Талдықорған қаласы ІІБ-нің Жергілікті полиция қызметі жанынан құрылған байқау комиссиясы жүзеге асырады.
1.4. Осы ереже бұқаралық ақпарат құралдырында және Талдықорған қаласы әкімінің ресми сайтында жарияланады.

2. Байқауды өткізу шарттары
2.1. Байқауға сәйкесінше байқау комиссиясына өтінім берген учаскелік полиция инспекторлары қатыса алады.
2.2. Байқауға қатысу туралы өтінім байқау комиссиясы орналасқан келесі мекен-жай бойынша жолданады:Талдықорған қаласы ІІБ-нің Жергілікті полиция қызметі,Талдықорған қаласы, Абай көшесі 249 үй, №219 кабинет.
2.3.Байқау келесі номинация бойынша өткізіледі - «Үздік учаскелік полиция инспекторы»;

3. Бағалау критерилері
3.1. «Үздік учаскелік полиция инспекторы» номинациясы бойынша жеңімпаз келесідей критерилер бойынша анықталады (ең жоғары ұпай - 50 балл):
Тіркелген қылмыстар санының азаюы.
Тіркелген қылмыстар санының ашылу пайызы.
Өз күшімен қылмыстарды ашуы.
ПКП бүкіл аумағында тіркелген қылмыстардың ашылуына қатысу. Бұрын қылмыс жасаған тулғардың арасында профилактикалық шаралары арқылы қылмыстың алдын-алу.
Мас күйінде жасалған қылмыстардың алдын-алу.
Отбасындағы және үйдегі қылмыстың алдын алу.
Қаланың тазалығын сақтауды қоса алғанда, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Бұрын қылмыс жасаған тұлғалар арасында қайта жасауына жол бермеу алдын алу жұмыстарын жүргізуі уақтылы есепке алу.
Есепке алынғандармен алдын-алу жұмыстары.
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстарды, оның ішінде мас күйінде жасалған қылмыстарды болдырмау бойынша алдын алу іс-шараларының нәтижелері.
Қылмыстық істерді тергеу дағдыларының сапасы.
Дисциплинарлық және заңдылықтың сақталуы деңгейі.
Жеке қасиеттердің деңгейі.

4. Байқауды өткізу тәртібі
4.1. Байқауға қатысу туралы өтінім қажетті құжаттармен бірге (суреті, өмірбаяны, грамоталары мен сертификаттары) 2019 жылғы 5-25 қыркүйек аралығында күнделікті сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
4.2. Ең көп ұпай жинаған қатысушы байқау жеңімпазы болып танылады.

5. Байқау қорытындысын шығару
5.1. Байқау комиссиясы байқау қорытындысын өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталған соң, бір күн ішінде шығарады.
5.2. Байқау комиссиясының шешімі алқалы түрде қабылданып, хаттамамен рәсімделеді (дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы шешуші дауысқа ие). Хаттамаға байқау комиссиясының төрағасы, хатшы, комиссия және отырыс мүшелері қол қояды. Байқау комиссиясының қорытындысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
5.3. Жеңімпаз деп танылған инспектор «Жастар» саябағында өтетін Гала-концерт барысында марапатталады.

 

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать