Войти через

  • 03:11:09
  • -7°C

Понедельник, 16 декабря$ 383.95  € 429.26  ₽ 6.16

Селден зардап шеккен отбасыларға 28 млн астам теңге төленді

Селден зардап шеккен отбасыларға 28 млн астам теңге төленді

13.06.19

Общество
TINFO
TINFO
Служба новостей

Пенжім ауылында зардап шеккен отбасыларға 28 миллионнан астам теңге төленді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Панфилов ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

Болат Өтемұратов қорының демеушілігімен бірлесіп "Қызыл ай" қоғамдық ұйымы 3 маусым күнгі су тасқынынан зардап шеккен 176 отбасының әр мүшесіне 30000 теңгеден қаржылай көмек көрсетті.

Аталған қоғамдық ұйымның қаржы директоры Мақсат Альдишевтің айтуынша қаражат арнайы жасалған банк карттарына толықтай аударылған. Тұрғындар үш айдың ішінде кез-келген уақытта ақшаларын ала алады. Біз әрбір отбасылардың жағдайымен жеке-жеке танысып, жанұя мүшелерінің құжаттарын толықтай түгендедік. Нәтижесінде 176 отбасының 936 мүшесінің барлығына көмектестік,-деді.

Бір отбасында 12 адам бар Керембековтар әулеті де осы көмек алғандардың қатарында. Айтып келмейтін апатта ел болып қол ұшын созып жатқанқан қайырымды жандарға дән риза. Қазір барлығы қалпына келді. Басымыз аман, қазан-ошағымыз бүтін,-дейді үй иесі. Бүгінгі таңда үйлеріне су кірген 31 үйге 15 миллион теңге көлемінде шығын есептеліп, бюджеттен қарастырылуда. Аулаларына су кірген отбасыларға қажетіне қарай жергілікті кәсіпкерлер тарапынан құрылыс материалдарына көмектесу жұмыстары жүріліп жатыр.

Фото: Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі. 

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать