Войти через

  • 06:39:58
  • 2°C

Пятница, 18 октября$ 389.94  € 433.5  ₽ 6.1

Рудничный ауылында мешіт ашылды

Рудничный ауылында мешіт ашылды

22.03.19

Общество
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылында «Мол Береке» мешіті ашылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Талдықорған Орталық мешітінің ақпаратынша, шараға Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев, Талдықорған өңірінің өкілі имамы Ардақ Оразбаев, Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің имамы Алмас Данағұлов, Текелі қалалық «Керімбек би» мешітінің бас имамы Аман Медетбеков және Рудничный ауылының тұрғындары мен қонақтары қатысты.
“Мешіт - Алланы танудың, ізгілік пен мейрімділіктің және құлшылық қылудың ордасы. Алла үйін салған адамдарға Пайғамбарымыз (с.а.с) хадисінде «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» - деген. Ислам діні еліміз бен жерімізге тарағаннан бастап, мешіт салу – Алланың сүйген құлдарының қасиетті ісі”, - деді Талдықорған өңірінің өкілі имамы Ардақ Оразбаев.
Мешітті жергілікті кәсіпкер Есхат Мейрамұлы өз қаржысына салған.
Фото: Талдықорған Орталық мешіті.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать