Войти через

  • 04:23:27
  • 14°C

Пятница, 21 июня$ 380.56  € 430.15  ₽ 6.02

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті алқа отырысын өткізді

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті алқа отырысын өткізді

16.02.19

Общество
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының 2018 жылғы қорытындылары туралы алқа отырысы өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.  Алқа отырысын «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы облысындағы меншікті тілшісі Қуаныш Қанатұлы жүргізді.
Жыл қорытындысын тыңдап, ой түюге облыстың Әдеп жөніндегі уәкілдері, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, арнайы мониторингтік топтың, мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері, облыстық басқарма, департамент басшылары, облыс әкімі аппараты мен аудан, қала әкімдері аппаратының басшылары, ауылдық округ әкімдері, «Атамекен» ҰКП облыстық филиалының қызметкерлері, бизнес пен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдауға бағытталған «Protecting business and investments» жобасының қатысушылары, Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы, Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалы, кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметкерлері мен жұмыс топтарының жетекшілері, «Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебінің тәлімгерлері, үкіметтік емес ұйым және республикалық, облыстық БАҚ өкілдерімен бірге 350-ге жуық адам қатысты.
Алқа отырысы үйреншікті форматтан бөлек, диалогтық алаң түрінде, президуимсыз, мінберсіз өтті.
Алқа отырысы екі бөлімнен тұрды, бірінші бөлімі «Атқарған жұмыстар қоғам көзімен» деп аталды, бұл кезеңде БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері мемлекеттік қызмет саясаты туралы ой бөлісіп, талқылауға қатысты. Ал екінші кезеңі – ресми түрде жалғасты.

Баниямин Файзуллин  Арнайы мониторинг тобының мүшесі ретінде 2018 жылы атқарған жұмыстарға тоқталып өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудағы БАҚ рөлі, мемлекеттік мекемелердің «төртінші билік» өкілдерімен қарым-қатынасы туралы «Жетісу» газетінің заң және саясат бөлімінің меңгерушісі, журналист Мәди Алжанбай сөз қозғады.
Өткір тілімен қоғамдағы әділетсіздікті, қиыншылықты қалың оқырманға ұсынып жүрген Сандуғаш Елубайқызы әлеуметтік желіде мемлекеттік қызметкер өзін қалай ұстауы керектігіне тоқталып, негативті бағыттағы жаңалықты қалай ұтымды пайдалана білу қажеттігімен бөлісті.

 

Фото: Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать