Войти через

  • 09:39:58
  • 20°C

Суббота, 21 сентября$ 386.7  € 427.15  ₽ 6.06

Мәжіліс депутаты Мемлекеттік кірістер департаментінде болды

Мәжіліс депутаты Мемлекеттік кірістер департаментінде болды

27.08.19

Общество
TINFO
TINFO
Служба новостей

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрағасы Омархан Өксікбаевтың қатысуымен Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кездесу өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Жиын барысында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Баршаға ортақ игілік. Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Шараға Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т.Сарсембаев, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы М.Мусаев, Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Н.Ботанов, Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Т.Айдарбеков, модератор “Nur Otan” партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев және де аталған мекемелердің ұжымы қатысты.

Кездесу барысында мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарың талқылап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды жалғастыруды және құқық бұзушылықтарының салдарын азайтуды қажет екенін жеткізілді. Жиында өзекті сұрақтар қойылып, толықтай жауап қайтарылды.

Фото: МКД.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать