Войти через

  • 22:45:29
  • 21°C

Пятница, 14 августа

Елбасының мемлекет салуға қосқан үлесін атап көрсету керек

Елбасының мемлекет салуға қосқан үлесін атап көрсету керек

21.03.19

Общество
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

«Ернар» шаруа қожалығының басқарушы директоры Тасқын Жапарқұл Елбасының есімімен елорда мен маңызды нысандарды атау бастамасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. 
"Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз мәңгі есте қалуы керек. Осыны ескере отырып, елордада монументтер орнатылды. Конституциямызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет салуға қосқан үлесін атап көрсетуді ұсынамын", - деді халық қалаулысы Қуаныш Сұлтанов.

Сондай-ақ, депутат өз сөзінде: "Елбасының есімін елорда атауында және еліміздегі маңызды нысандарында көрсетуді ұсынамын. Біздің мақсатымыз - Елбасының жанында ынтымақта өмір сүріп, Мәңгілік Елдің құндылықтарын сақтай отырып, соның барлығын ұрпақтарымызға қалдыру. Бізде тәуелсіз Қазақстан бар. Тәуелсіздік - біздің басты мақсатымыз және солай болып қала бермек», - деді.


Біз депутат Қуаныш Сұлтановтың осы ұсынысын қолдаймыз және Талдықорған қаласы орталық көшелерінің біріне Елбасының аты берілуін құп көреміз", - деді кәсіпкер.
Фото: Интернет.

 

Это может Вас заинтересовать